Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Шетпе» мешіті (Фото)

«Шетпе» мешіті

Маңғыстау ауданының орталығында 1997 жылы бой көтерген. Ауласы қоршалған. Түнгі мезгілде жарық беретін шамдар орнатылған. Іргетасы биік, қабырғалары мен күмбездері, мешітке бастар жолдар теңіз тасынан қаланған. Кіреберіс маңдайшасына «Алла» және «Мұхаммед» деп араб әріптерімен жазылып, ою-өрнектермен көріктендірілген. Төрт бұрышында кіші күмбездері бар, ол ортадағы үлкен күмбезге айшық қондырылған. Аспалы шам ілінген.

Ғимараттың ішкі қабырғалары түгелдей оюлармен өрнектелген. 700 адам сиятын ерлерге арналған намаз бөлмесі, 200 адамға арналған әйелдер бөлмесі, имам бөлмесі бар. Діни сауат ашу курсы үшін де бөлме қарастырылған. Едендеріне кілем төселген. Мешіттің артқы жағында газбен жылытатын қазандық қойылған бөлме бар.

Мечети этой области или города