Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Бейнеу» мешіті (Фото)

«Бейнеу» мешіті

Бейнеу ауданының орталығы Бейнеу кентінде 1993 жылы 200 адамға арналып бой көтерген. Бірақ намаз оқушыларға іші тарлық етіп, 2009 жылы қазан айының соңында 500 адам қатар тұрып, бір уақытта намаз оқи алатын қосымша үлкен зал салынды.

Аулаға кіреберіс қақпа таспен арка түрінде өрілген, ғимараттың терезелері пластиктен салынған, қабырғасы сары түсті, төрт бұрышы қашалған теңіз тасынан өріліп, жоғарғы жақтары шағын үшкір күмбездермен әшекейленген. Ғимарат төбесінің ортасында бір үлкен және бір шағын көк күмбездері бар, үлкен күмбезге айшық орнатылған. Түнгі мезгілде жарық беретін электршамдар ғимараттың сыртқы бұрыштарына қойылған.

Кіреберіске аяқ киім қоятын сөрелер және киім ілгіштер орнатылған. Ерлер мен әйелдер бөлмелері бөлек, имам бөлмесі және кітапхана да қарастырылған. Дәрісханасы да бар. Еденге жасыл түсті кілем төселген. Үлкен күмбез тіреуіштері ғимаратқа сән беріп тұр.

Мечети этой области или города