Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Исамеддин баба» мешіті (Фото)

«Исамеддин баба» мешіті

«Исамеддин баба» мешіті Шымкент қаласы Сайрам көшесінде орналасқан. Жоба авторы мен құрылыс демеушісі «Азия Насиб» ЖШС бірлескен кәсіпорны, 1999 жылы пайдалануға берілген.

Ғимарат 3 бөлмеден тұрады. Екі қабатты, әр қабатта салмағы 5 келілік 32 шамы бар, Мінбердің биіктігі 1,20 метр.

Екі мұнаралы. Мұнараны қосып есептегенде ғимарат, ұзындығы 12, ені 12 метр, биіктігі 9,5 метр. 200 адамға арналған. Қабырғасы күйдірілген кірпіштен салынған. Сырты Хорезм кірпішімен, шығыстық өрнектермен безендірілген. Жерінің ауданы 1540 шаршы метр.

Аулада 4 бөлмелі жеке ғимарат тұрғызылған. Мұнда имамның қызмет бөлмесі, неке залы және шаруашылық бөлмелері орналасқан.

 

Мечети этой области или города