«Шардара орталық» мешіті
«Шардара орталық» мешіті. Шардара ауданы, Шардара қаласы, 2-ші мөлтек ауданындағы Н. Оңдасынов даңғылының бойына орналасқан. Шардара орталық мешіті жергілікті халықтың қаражатымен 1991 жылы құрылысы басталып, 1993 жылы халыққа тапсырылған.
Мешітке 7 баспалдақ арқылы көтеріледі. Мешіттің жалпы көлемі 16 х 28 метр. Мешіттің биіктігі 15 метр, сырттан ішке кіретін үлкен 3 есік, үш қабатында үлкен он екі терезе бар. Алдыңғы бөлігінде кішігірім бастырма, ішке кіретін кішкентай есік, жаназа келген жағдайда жаназа оқитын орын қамтылған. Мешіт іші еден астынан жылытатын үлгімен жылыту қондырғылары орнатылған.
Мешіттің алдынан жалпы ұзындығы 30,5 және одан бөлінген медресе, қарауылхана, имам бөлмесі және есепшінің бөлмесі бастырмасыменен тұрғызылған. Дәретхана көлемі 19 х 7 м. Оның ішкі кұрылысы дәрет алатын орын, тазалық орын ғұсыл құйынатын орындарымен қамтылған, демеуші арқылы ішкі жылу жүйесі, су жылытатын аристон кондырғысы орнатылған.
Мешіттің ішкі сипаттамасы: Ортада үлкен зал, оны айнала үш қанат кіші залдар қамтылған, астыңғы қабат үстіменен бірдей сипатта салынған. Зал мен кіші залдың арасында қабырға көтерілген, он екі терезе, үш үлкен есік, төменге кіретін бір есік, имамның намаз оқитын орны – михраб орналасқан. Мешіттің ішкі қабырғасының биіктігі 10 метр. Мешіттің сыйымдылығы 1500 орын көлемінде. Жерінің көлемі 3,369 га. Көгалдандыруға бөлінген жерге түрлі жеміс ағаштары, арша, можевельник, қара тал ағаштары отырғызылып көгалдандырылған. Мешіт ауласы сым тор угольникке қапталып қоршалған. Кіре беріс ауласына үлкен қақпа орнатылып, мешіт ауласы асфальтталған. Имандылық айна тақтасы орнатылған. Мешіт бүгінгі таңда Шардара ауданының орталық мешіті қызметін атқарып келеді.
Мешіттің бас имамы Данияров Асылхан Касымович 87024201513