Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Қождан Ата Жиеней» мешіті (Фото)

«Қождан Ата Жиеней» мешіті

«Қождан Ата Жиеней» мешіті Шымкент қаласында 1997 жылы пайдалануға берілген. Ұзындығы 18,5, ені 14 метр, ал жалпы ауданы 300 шаршы метр. Намаз залының ауданы 140 шаршы метр. Оны Қуат Дүйсемұратов өз қаржысына салдырған.

Мұнда бір мезгілде 230 кісі намаз оқи алады. Ғимарат күйдірілген кірпіштен соғылған. Төрт бөлмелі. Биіктігі 8,6 метрлік екі мұнарасы бар.

Айналасына түрлі жеміс ағаштары отырғызылып, көгалдандырылған.

Жыл бойы тұрақты түрде діни сауат ашу курсы өз жұмысын жүргізеді. Алдында имандылық айнасы тақтасы орнатылған. Онда діни басқарма жанынан шығатын «Ислам және өркениет» газетінің әр саны ілініп отырылады.

Мечети этой области или города