Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Абдул Хамид Қаттани» мешіті (Фото)

«Абдул Хамид Қаттани» мешіті

«Абдул Хамид Қаттани» мешіті Шымкент шаһарындағы Қошқар ата өзені бойында Ордабасы алаңында бой көтерген.

Ғимарат құрылысы 1995 жылы басталып, 1997 жылғы қарашада пайдалануға берілді. Алла үйін салуға Сауд Арабиясының азаматы Абдул Хамид Қаттани демеушілік етті. Құлшылық орнының атауы осы кісінің құрметіне берілген.

7 бөлмелі ғибадатханада: үлкен намаз оқу залы, Құран оқу бөлмесі, имам бөлмесі, найб имам мен баспасөз хатшысының бөлмесі, әйелдер намаз оқитын екі бөлме бар.

Күмбезінің шеңбері 11, биіктігі 9, 60 сантиметр. 2006 жылғы шілде айында күмбезі жаңартылып, алтын түстес сары металмен қапталды. Бұған кәсіпкер, өзге дін өкілі А.Лобачевский көмек көрсетіп, барлық шығынды мойнына алды. Күмбездің тот баспайтын алтын түстес сары қаңылтыры әдемі етіп өрнектелген. Күмбез ішіне «Фатиха» сүресі жазылып, бұған қосымша мешіт михрабының көрінісі бейнеленген. Михрабта «Аятул курси» сүресі өрнектелген.

Терезелері пластикалық металдан жасалған. Құлышылық үйінің көлемі 845,5, үлкен залы 437,0 шаршы метр. Бөлмелері төртеу. Біріншісі 31,6, екіншісі 31,9, үшіншісі 46, төртіншісі 44,3 шаршы метр. Қосалқы 2 бөлмесінің бірі 13,6, екіншісі 12,1 шаршы метр. Орташа биіктігі 4,7 метр. Мұнда бір уақытта 1000 кісі намаз оқи алады. Негізгі намаз залына Біріккен Араб Әмірліктерінен әкелінген салмағы 250 келілік аспалы шам ілінген. Үлкен залындағы кілем жайнамаздар Түркия елінде тоқылған.

Мешітке кіру баспалдақтары 11, ал үлкен есігі екі жаққа қарай ашылады. Есіктің жақтауы шынар ағашынан өрнектеліп жасалған.

Сырттан келетін жолдың екі шетінде райхан гүлдері егілген. Аулада 8 алма, 22 шырша, 12 шабдалы, 12 шие, 3 қара өрік өсіп тұр.

Жуынатын орын жөндеуден өткізіліп, кафельденген. Мұнда дінімізді насихаттайтын әдебиеттер жинақталған арнайы кітапхана бар, дәрісхана жұмыс істейді. Бұдан бөлек, өмірден қажыған жандарға рухани көмек көрсету мақсатында «сабырлылық» бөлмесі ашылған. Сонымен бірге, облыс басшылығы демеушілігімен электр трансформаторы жаңартылып, жеке жылытатын газ қондырғысы орнатылған.

Қақпасы оюмен нақышталған темір металдан жасалған. Ауласында 80 автокөлікке лайықталған арнайы автотұрақ бар. Сондай-ақ солтүстік бөлігі жағында, Төле би көшесінің бойында бес дүңгіршек ашылған. Онда Діни басқарманың арнайы сараптауынан өткен ислам дінін насихаттайтын кітаптар мен кітапшалар, қолөнер бұйымдары, ислами тұрғыдағы т.б. да түрлі заттар сатылады.

2008 жылы мешітке облыстың бұрынғы әкімі Н.Әшімовтің демеушілігімен соңғы үлгідегі «Тойота-камри» автокөлігі берілді.

«Абдул Хамид Қаттани» мешіті 2000 жылдан облыстық орталық мешіт қызметін атқарып келеді.

 

Мечети этой области или города