Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Мәулімберген» мешіті (Фото)

«Мәулімберген» мешіті

«Мәулімберген» мешіті Атырау қаласы Кеңөзек селолық округінің Тасқала кентінде орналасқан. 2004 жылы жеке кәсіпкер Нұрлан Мәулімберген өз қаржысына салдырған. Жалпы ауданы 530, пайдалы көлемі 106 шаршы метр. 100 кісіге арналған. 3 бөлмеден тұрады, көлемі 74 шаршы метрлік үлкен залдан, имам және дәріс бөлмесінен тұрады. Барлық бөлмелерге «Алматы кілем» фабрикасының кілемі төселген.

Алла үйі қабырғасының биіктігі 5 метр. Есік маңдайшалырының жоғарғы жағы дулығаны елестетеді. Биіктігі 12 метрлік бір мұнарасы, шеңбері 3 метрлік үлкен күмбезі бар, қалған екі күмбездің шеңбері 1 метрден. Құлшылық үйінің жанында көлемі 16 шаршы метр жылу жүйесі бар қосымша ғимарат орналасқан.

Мечети этой области или города