Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Әйіп қажы» мешіті (Фото)

«Әйіп қажы» мешіті

Индер ауданы Индербор қалашығында 2004 жылы салынған. Жоба авторы Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Т.Қасенов. Құрылыс қаражатын аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлер көтерді. 250 адамға арналған. Ғимарат ерлер залы, әйелдер намаз оқитын бөлме және имамның бөлмесінен тұрады. Қабырғасының биіктігі12 метр. Екі кіші мұнарасы бар, мінбердің биіктігі 2 метр. Жанында көлемі 9 шаршы метр жылу жүйесі бар.

Оған Индер ауданы халқының өтініші бойынша 2005 жылдың 8 желтоқсанында осы өңірде ислам дінін насихаттаған Әйіп қажы есімі берілді. Әйіп қажы 1838 жылы дүниеге келген. Ауыл молдасынан діни сауатын ашып, кейін Жалпақтыдағы татар медресесін тәмамдаған. Қазан медресесінде білім алған. Қажылыққа 3 рет барып, 1903 жылы мешіт және медресе салдырған дін қайраткері.

Мечети этой области или города