Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Иманғали» мешіті (Фото)

«Иманғали» мешіті

«Иманғали» мешіті Атырау қаласы Сәтбаев көшесінде орналасқан. 2000 жылы салынған. Қабырғасы силикат кірпішпен қаланып, сырты мәрмәрмен қапталған. Құрылысын «Атыраугорстрой» ЖШС-і мен «Алматыгорстрой» ЖАҚ жүргізді. Қаражатын «Шапағат» қоғамдық қайырымдылық қоры көтерді. «Алма» және «Акра» ЖШС-тің құрылысшылары гипсокартон бетіне Канададан әкелінген страйфаум деп аталатын материалды, кіре беріске әдемі плита, еден бетіне ковралан төседі.

Орталық күмбез астындағы салмағы жарты тонна 150 шамы бар алып аспалы шамды «ҚазақОйлЕмбі» АҚ-ы сыйға тартты. Намаз бөлмесінің төріне, орталық күмбезді айналдыра және орталық қақпаның қос қапталына қасиетті Құран аяттарының сүрелері жазылып, жапсырылған. Мешіт екі қабатты, 600 адамға арналған ерлер мен әйелдер намаз оқитын залдан тұрады. Кітапхана, дәрісхана, имам, шаруашылық қызметкерлерінің бөлмелері де ескерілген. Екі мұнаралы, бір күмбезді. Бас мұнарасының биіктігі 20,7 метр. Барлық бөлмелерге «Алматыкілем» фабрикасының кілемдері төселген. Ғимарат қабырғасының биіктігі 15 метр. Есік маңдайшаларының жоғары жағы батырлар дулығасы іспетті. Мінберінің биіктігі 3 метр. Ол өте сапалы ағаштан орнатылған. Үлкен күмбездің шеңбері 5, қалған кіші 6 күмбезінің шеңберлері 1 метрден. Айналасына 300 түп жасыл шырша отырғызылған. Газон шөптері ерекше өң беріп тұр. Жалпы аумағы 9358 шаршы метр жерді алып жатыр.

Мечети этой области или города