Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Сауранбайұлы Хати ата» мешіті (Фото)

«Сауранбайұлы Хати ата» мешіті

Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар аулында 2010 жылы қараша айында салтанатты түрде ашылды. Құдай үйін Алматы қаласында аудан әкімінің орынбасары, Тараз қаласының әкімі болған белгілі азамат Болат Сауранбаев салдырған. Мешіттің ұзындығы 23, ені 17 метр. Биіктеу жерге тұрғызылған ғимаратқа сәнді салынған баспалдақтар арқылы көтеріледі. Мешіттің оң жағында биіктігі 15 метрлік мұнара тұрғызылған. Құдай үйінің үстінде көгілдір түсті үш күмбезі бар. Дәлізінен намаз оқитын бөлмесіне дейін кілем төселген. Дуалдарына құран аяттары жазылған, еуро үлгідегі қабырға шамдары орнатылған. Құран аяттары мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистері де имандылыққа бет бұрған жан назарын өзіне аударады. Пластик терезелер қойылған. Залының көлемі 209,2, дәрісханасының ауданы 39,9 шаршы метр. Мешіт талапқа сай жабдықталған. Ауласы темір шарбақпен қоршалып, алдына тас плита төселген және әр түрлі ағаштар отырғызылып, газон егілген, кешке ауланы жарықтандыратын электр шамдар да орнатылған.

Мечети этой области или города