«Ұлан» мешiтi

Қордай ауданы Гвардейский аулында ірге тепкен. Біріккен Араб Әмірліктерінің Халықаралық Қызыл жарты ай қайырымдылық қоры 2007 жылы салдырған. Жерінің аумағы 910 шаршы метр. Намаз оқитын үлкен залының ауданы 86, әйелдердiң намаз бөлмесi 16 шаршы метр. Іргетасы бетон, төбесi бетон плиталармен жабылған. Қабырғасы күйдiрiлген кiрпiштен қаланған. Биiктiгi 3,75 метр. Биiктiгi 6 метрлік 2 мұнара тұрғызылған. Күмбезi мешiт ортасында, биiктiгi 2,5 метр. Пластиктен 13 терезе, ағаштан 3 есiк орнатылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған.
МУСУЛЬМАНСКИЕ ПРАЗДНИКИ

05.06.2019
+7 7172 999 866
г. Астана, ул. Карасаз 3