Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Омар» мешiтi (Фото)

«Омар» мешiтi

Қордай ауданы Алға аулында 2002 жылы салынған. Оны осы ауылда туып-өскен Далбай Омаров деген азамат өз қаражатына тұрғызып халық игілігіне берген. 150 адам намаз оқи алады. Үлкен залы-ның ауданы 47, әйелдердің намаз бөлмесi 37 шаршы метр. Іргетасы бетон, төбесi темiр швеллер, шатыры профнастилмен жабылған. Қабырғасы күйдiрiлген қызыл кiрпiштен қаланған. Биiктiгi 4,5 метр. Үш бөлменiң ортасына орнатылған күмбезінің биiктiгi 5 метр. Ғимаратқа пластиктен 22 терезе, 8 есiк орнатылған. Ауласы темiр шарбақпен қоршалған. Оңтүстiк-шығысында қызметшілерге арналған тұрғын үй бар.

Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі мен сол кездегі Қырғызстан мүфтиі Мұратәлі Жұманов қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді.

 

Мечети этой области или города