Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Майлыбай» мешіті (Фото)

«Майлыбай» мешіті

Сарысу ауданы Саудакент аулында тұрғызылған. Оны осы ауылда туып-өскен Асаубай Майлыбайұлы 2000 жылы өз қаржысына салдырған. 150 адамға арналған. Жерінің ауданы 1640, ғимараттың аумағы 231,75 шаршы метр. 11 бөлмеден тұрады. Намаз оқитын үлкен залы 86,5 шаршы метр әйелдердің намаз бөлмесі 19,5 шаршы метр, екі қызмет бөлмесі имамға арналған бөлмесі бар. Дәлізі кең, 18.1 шаршы метр. Бір қабатты, ғимараттың іргетасы бетоннан құйылған, қабырғасы кірпіштен қаланған, шатыры шифермен жабылған, ағаштан жасалған 7 терезесі мен 2 есігі бар. Алла үйінің биіктігі 6 метр. Есік аузындағы бұрышында биіктігі жердан 12 метр бір мұнара тұрғызылған. Күмбезінің биіктігі 2,5 метр. Есігі күнбатысқа қараған. Ауласына құдық қазылып, гүл мен ағаштар егілген. 

Мечети этой области или города