Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Шарбақты ауылдық мешіті» (Фото)

«Шарбақты ауылдық мешіті»

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шарбақты ауылында орналасқан. Екі мыңдай тұрғыны бар ауылда ескі  мешіт  өртеніп кетісімен тұрғындардың ұйымдасуымен жыл өтпей 2011 жылы жаңа  мешіт жамағатқа есігін айқара ашты.

Орта Азия үлгісінде салынған бұл ғимарат ауылдың ортасында орналасқан. Іргетасы блоктан қаланып, таспен көмкерілген. Қабырғалары сәндік силикат кірпішпен қапталған. Төбесіне тақия үлгісінде күмбез орнатылған, оның биіктігі 6 метр, мұнарасының биіктігі 12 метр.  Ауласы темір шарбақпен қоршалған. Айнала көгалдандырылып,  түрлі ағаштар  мен  гүлдер  егілген.

Терезелері пластиктен жасалған. Кіреберісте аяқ киім  қоятын сөре, киім ілгіш орнатылған. Негізгі үш бөлмеден тұрады. Ерлер намаз оқитын бөлменің ұзындығы 12 метр ені 11 метр. Имандылық сабақты жүргізетін бөлменің ұзындығы 6 метр ені 5 метр. Әйелдер намаз оқитын бөлменің көлемі де осы мөлшерде. Бір мезгілде 150-200 адам намаз оқи алады.

Мечети этой области или города