Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Асайын ата» мешіті (Фото)

«Асайын ата» мешіті

Железинка ауданы Озерный ауылында бой көтерген. 2009 жылы жергілікті азамат Серік Асайынов пен ауыл тұрғындарының қаржылай демеушілігімен салынған.  Жерінің аумағы 0,12 га,  ғимаратының көлемі 91,1 шаршы метр. 100 кісі еркін намаз оқи алады. Ғимарат іші Құран кәрім аяттарымен безендірілген. Имам бөлмесі тиісінше жабдықталған. Күмбезі 9, мұнарасы 15 метр. Қосалқы ғимараттарына  жуынатын орын мен пеш орнатылған. Ауласы көгалдандырылып, талдар отырғызылған.

Ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі мен бірқатар қоғам қайраткерлері қатысып, дінжанды, ұлтжанды, үлкен жүректі, Серік Асайыновқа Алла разы болсын деп рахмет айтты.

Мечети этой области или города