Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Ержан» мешіті (Фото)

«Ержан» мешіті

Ертіс ауданы Ертіс аулында 2002 жылы Есіл Теміржанұлының демеушілігімен салынған. Жерінің жалпы көлемі 468,8 шаршы метр. Оң қанатына тас төселген, есік алдына 20 түп қарағай, қайын, терек отырғызылған.

Ғимараттың жалпы көлемі 319, 5 шаршы метр, екі қабатты, үстіңгі қабатта 300 адам еркін намаз оқи алады. Бірінші қабатында Бас имамның бөлмесі (29,8 шаршы метр), сынып бөлмесі (20,9 шаршы метр), Құран оқу және неке қию  бөлмесі (30,4  шаршы метр),  жуынатын бөлме (29,9 шаршы метр), шаруашылық бөлмесі (20,9 шаршы метр) орналасқан. Ғимарат биіктігі 5,4 метр. Қызыл кірпіштен қаланған. Күмбезі 10, ал мұнарасы 11 метр. Ғимарат қажетті құралдармен, компьютер, теледидар, факс, ксерокспен жабдықталған.

Мечети этой области или города