Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Екібастұз» мешіті (Фото)

«Екібастұз» мешіті

Еліміздің солтүстік  шығыс аймағындағы аса ірі энергетикалық кешен орналасқан Екібастұз қаласында бой көтерген. Мешіт жергілікті дін жанашырлары  мен іскер топ өкілдерінің бірлесе күш салуымен іргетасы қаланып, 1998 жылы біткен. Құрылысына, оны қаржыландыруға Екібастұз қаласының бұрынғы әкімдері Рамазан Жұматаев, Елеубай Оразалинов, әсіресе кәсіпкер Елтай Арбиев, қаланың бас сәулетшісі, ғимарат жобасын жасаған Жеңіс Хайдаров, көмір өндіруші акционерлік қоғамның президенттері Р.Гайнуллин мен А.Өтегенов еңбек сіңірді. Қ.Ақанов, ағайынды Әбғожиновтар және тағы басқа да ұлтжанды азаматтар да өз қал-қадерінше қаржылай үлестерін қосты.

Ғибадатхананың пайдалануға берілуі қала мұсылмандары үшін нағыз халықтық мерекеге айналды.  Ислам діні күш алып, қанат жайды. Осынау игі істің басы, қасында қаланың сол кездегі бас имамы Құлмұхаммед қажы Маханбет жүрді.

Аумағы 2,8 гектар. Бірнеше мұнаралы, үлкен бір күмбезді. Оның шеңбері 6 метр. Ғимараттың сыртқы көрінісіндегі басты ерекшелігі – 53 метрлік үлкен мұнарасынан  солға қарай «Алла» болып оқылады. Үлкен мұнара биіктігінің 53 метрге жеткізілуінің де өзіндік мәні бар. Хазреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық 40 жасында қонды, содан араға 13 жыл салып, 53 жасында Меккеден Мәдинеге қоныс аударды. Һижра бойынша мұсылмандық жыл санау басталды. Биік мұнара осыны аңғартады. Ерлердің намаз залының ұзындығы 24, ені 18 метр. Әйелдер залының көлемі 18х6 метр. Жоғары қабаттағы вестибюль 18х18 метр. Мұндағы жылы жайда (теплица) қысы, жазы гүл өсіріледі. Төбесі шынымен жабылған.

Екінші қабатта неке қиятын арнаулы бөлме, сондай-ақ қызметкерлер үшін де 8 бөлме бар. Күмбез астына салмағы 390 келі аспалы шам ілінген. Залдар қабырғаларының жоғары жағына қасиетті Құран сүрелері мен аяттар жазылған. Ішкі және сыртқы қабырғалары ұлттық оюмен (сарыарқалық қошқар мүйіз үлгісі) өрнектелген.

Мечети этой области или города