Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Акрам төре қажы» мешіті (Фото)

«Акрам төре қажы» мешіті

«Акрам төре қажы» мешіті Тараз қаласының солтүстік шығысындағы Сенкібай көшесінде 1997 жылы салынған. Оны сонда туып өскен азамат Әкрам төре Азизов өз қаражатымен тұрғызған. Жер аумағы 0,0820 га. Үлкен залының ауданы 11,2х11, әйелдер бөлмесі 3,54х4,38, аяқ киім бөлмесі 7,17 шаршы метр.

Мешіт 300 адамға арналған. 6 терезесі мен 3 есігі ағаштан жасалған. Ғибадат үйінің ішіне жарық молынан түседі, төбесіне аспалы шам ілінген. Едендеріне кілем төселген. Іргетасы бетон блоктан, қабырғасы күйген кірпіштен қаланған. Айналасы күйдірілген ақ кірпішпен қоршалған. Дарбазасы шығыс жақ бетінде. Аумағы түгелдей абаттандырылған.

Мечети этой области или города