«Айсұлу ана» мешіті
«Айсұлу ана» мешіті Тараз қаласының Сүлеймен көшесінде бой көтерген. 2009 жылы Бағдат Орынбасарұлы Жұмағұлов деген азамат Алла разылығы үшін тұрғызып, халыққа тарту етті. Биіктігі 5,8 метр ғимарат қабырғасы сары түсті кірпішпен қаланған. Бұрыштары төрт қырлы етіп көтерілген, биіктігі 11,5 метр болатын басы сүйірлене біткен конус пішінді сәнді мұнараға ұласады. Төртеуінің де ұшар басына жарты ай қойылған. Биіктігі 4, шеңбері 5 метр көк түсті күмбезінің төрт жағынан да бір-бірден кіші мұнаралар менмұндалайды. Күмбездің ішкі жағына «Фатиха» сүресі жазылған. Жер аумағы 6 сотық. Ғимарат екі бөлмелі, аумағы 10,9х8,5 шаршы метр. 90 кісіге арналған. 16 шаршы метрлік әйелдер бөлмесі бөлек. Едендеріне кілем төселген, ішкі жағына аспалы шам ілінген. Екі шаруашылық бөлмесі бар. Біріне газбен жылытатын қазандық орнатылған. Жылу жүйесі еден астынан жүргізілген. Ауласы қоңырсары бояумен боялған темір шарбақпен қоршалып, іші көгалдандырылған.
МУСУЛЬМАНСКИЕ ПРАЗДНИКИ

05.06.2019
+7 7172 999 866
г. Астана, ул. Карасаз 3