Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Әбу Бәкір Сыддық» мешіті (Фото)

«Әбу Бәкір Сыддық» мешіті

«Әбу Бәкір Сыддық» мешіті Павлодар қаласының Мүткенов көшесінде бой көтерген. Құрылысы 2007 жылы басталып, 2008 жылы тамызда  аяқталды. Құрылысын бастан-аяқ жүргізген, демеуші болған Павлодар облысы Железинка елді мекенінің тумасы-Абай Сапаров. Ол ғимарат жанынан имамдар дайындайтын медресе де салып берді.  

 Кешенді дін ордасының ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысты. Ғимараттың жалпы көлемі 408,6 шаршы метр, орналасқан жерінің аумағы 0,3384 гектар. Ғимараттың биіктігі 12,85 метр, сегіз қырлы. Күмбезі дөңгелек, жасыл түсті, мұнарасы алты қырлы, биіктігі 17,80 метр. Іші бүгінгі заман талабына сай әшекейленген, әл-Харам мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешіттерінің суреттері қабырғаларға сән береді. Еденге тапсырыс бойынша әзірленген кілемдер төселген. Күмбез ішіне зәулім аспалы шам орнатылған. 200 адамға арналған.

Мечети этой области или города