Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Ғазиз» мешіті (Фото)

«Ғазиз» мешіті

«Ғазиз» мешіті Павлодар қаласында орналасқан. Оны Ғазиз Ахметжановтың ұрпақтары 2000 жылы өз қаражаттарына салдырған.

Жалпы көлемі 543 шаршы метр, мұнарасының биіктігі 27 метр. Бұл жамағатпен оқылған намаздың жалғыз оқыған адамның намазынан 27 есе артық екендігін білдіріп тұрғандай.

Екі қабаттан тұратын ғимарат ішінде жастарға Құран оқуды үйрететін сынып, Құран бағыштайтын бөлме, сүндетке отырғызу бөлмесі, шағын кітапхана бар. Уақыт талабына және халқымыздың салт-дәстүріне сай аруақтарды еске алып, ас беру рәсімін өткізуге қажет асхана жұмыс атқаруда.

Жалпы саны 300-ден аса жамағат жиналатын, олардың негізі жастардан тұратын Алла үйі еліміздің рухани қазынасын дамытуға үлесін қосып келеді.

Мечети этой области или города