Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Мәшһүр Жүсіп мешіті» (Фото)

«Мәшһүр Жүсіп мешіті»

«Мәшһүр Жүсіп мешіті» Павлодар қаласында бой көтерген. Облыс халқы  2001 жылы үлкен қуанышқа бөленді. Өйткені сол жылы күзде Павлодар қаласында Мәшһүр Жүсіп атындағы облыстық орталық жаңа мешіт ашылды. Имандылық үйінің алғашқы тасы 1999 жылдың 23 қазанында қаланған болатын. Алла үйі орналасқан алаң 6,2 гектар. Ол қала орталығындағы М.Қайырбаев, Кутузов, Кривенко, Пахомов көшелері аралығында тұр. Онда алуан түрлі ағаш өсіріліп, көгалдандырылған.

Аумағы 48х48 метр. Сегіз қырлы, 4 мұнарасы бар және олардың әрқайсысының биіктігі  63 метрден. Күмбезінің биіктігі (айды қоса алғанда)  54 метрді құрайды. Айдың ұзындығы  1,20 метр. Ғимарат үш қабатты. Мешіттің жалпы ауданы  7240 шаршы метр, пайдалы алаңы  5320 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 2850 шаршы метрі  бірінші қабаты, 2850 шаршы метрі техникалық қабаты, екінші қабаты 1810 шаршы метр,  үшінші, яғни балконы 660 шаршы метр. Ғимараттың екі қабаты мен мұнаралары кірпіштен салынған, ал күмбезі металдан құрастырылып, алюкобонмен қапталған.

Ғимараттың бірінші қабатында Құран оқып-үйренетін шәкірттерге арналған дәріс, сүндетке отырғызу бөлмелері, 500 орындық асхана және оның қосалқы бөлмелері орналасқан. Бұған қосымша 500 орындық әйелдер бөлмесі, оның ішінде дәрісхана, кітапхана, киім ілетін бөлмелер, дәліздер де бар.

4 күмбезге сай 4 қанаттағы сәнді баспалдақтармен жоғарғы қабаттарға көтеріледі.

Екінші қабаты ер кісілер намаз оқитын 2000 орындық үлкен зал, балкон, Ислам діні және мешіт тарихының мұражайы, кітапхана, бейне зал, имам, наиб имам, мәжіліс, есеп-қисап, неке қию және сәбиге азан шақырып есім беру, Құран оқу бөлмелері мен гардероб, үлкен холл орналасқан.

Үшінші қабаты айнала балкон. Одан екінші қабаттың шынылы дәлізін, орталық есік пен салмағы 3,5 тонналық 434 шамы бар аспалы шамды тамашалауға болады. Онда әртүрлі тақырыптарда қазақ және орыс тілдерінде уағыздар айтылып,  имандылыққа тәрбиелеу шаралары ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар қаланың мекеме, ұйым және кәсіпорындарымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Жыл сайын тұрмысы ауыр отбасылар мен мүгедек, жетім-жесірлерге материалдық, әрі рухани көмек көрсетіледі.

Мечети этой области или города