Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

Алсабеков Мухаммад-Хусайн қажы Усманұлы

Алсабеков Мухаммад-Хусайн қажы Усманұлы

Шейх-уль-Ислам Алсабеков Мухаммад-Хусайн қажы Усманұлы

Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

Орта мектепті және Қазақ ауыл шаруашылық институтын Алматы қаласында тәмамдаған.

Шейх Алсабеков Мухаммад Хусайн 1970-1980 аралығында сол кездердегі Орта Азиядағы көрнекті ислам ғалымдарынан дәріс алған. Сонымен қатар ол діни білімін жетілдіру мақсатында Сирия және Пәкістан мемлекеттерінде халықаралық  ислам университеттерінен шариғат және араб тілі факультетін бітірген.

Еңбек жолы:

1985 жылы 25 жасында Алматы қаласы орталық мешітіне Бас имам болып қызмет еткен.

1990 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылғалы бері М.Х. Алсабеков Қазақ Ислам университетінің тұңғыш ректоры, ҚМДБ төралқасының мүшесі, сондай-ақ 1990 жылдардың басында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің, «Алматы-Хельсинки-Париж» атты Арал теңізін құтқару халықаралық комитетінің  және адам құқығын қорғау комитеттерінің мүшесі. Еліміздің мұсылмандары атынан Ресей, Кауказ, Орта Азия, Сирия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кипр, Ливан, Түркия, Иран, Пәкістан және т.б мемлекеттерде дипломатиялық миссияларда болып қайтты.

Шейх М.Х. Алсабеков ҚМДБ-н алғаш  құрған қайраткерлердің бірі. Ол көптеген орта және жоғары діни білім оқу орындарына арналған діни оқу-әдістемелік құралдарының және көптеген діни кітаптардың авторы.