1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжі.
«Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті.
Еңбек жолы:
2000-2003 жылдары Аягөз қалалық қазақ лицейінің араб тілі және дін тарихы пәндерінің оқытушысы;
2003-2005 жылдары Аягөз қалалық орталық мешітінің ұстазы;
2006-2009 жылдары Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №1 «Кәусар» интернаты директорының орынбасары;
2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық Орталық мешітінің ұстазы;
2009-2011 жылдары Қарағанды облыстық «5 канал» телеарнасындағы «Ислам: сауалдар мен жауаптар» бағдарламасының діни редакторы және жүргізушісі;
2011-2013 жылдары қажылық компаниясының менеджері;
2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің маманы.
2013-2016 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы;
2014-2016 жылдары «Астана медресесі» директорының бірінші орынбасары;
2016-2018 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы;
2018-2019 жылдары Астана қаласы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары;
2019 жылдың мамыр айынан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы қызметін атқарды;
2020-2021 жылдары ҚМДБ «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2021-2022 жылдары ҚМДБ Хаттама бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары Астана қаласы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы қызметін атқарды.