Думан Нәдірұлы Сайфуллин
1986 жылы Абай облысының Аягөз қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1993-2004 Аякөз қалалық №5 орта мектеп;
2004-2008 Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті;
2008-2010 «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде магистратура;
2019-2021 «Шет тілдер және іскерлік карьера» университетінде екінші жоғарғы білім «Дінтану» мамандығын тәмамдады;
2023 жылдан бастап «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің докторанты.
Еңбек жолы:
2011-2013 Алматы қаласы Бостандық ауданының «Орбита» мешітінде және Алматы қаласындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру институтында ұстаз.
2013-2014 Абай облысы, Аягөз қалалық мешітінде наиб имам;
2014 -2020 Абай облысы, Аягөз қалалық мешітінде бас имам әрі 2018-2020 жылдар аралығында Аягөз қаласы бойынша дін зерттеу ортатығының теологы болып қызмет атқарды;
2020-2023 Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы, «Уағыз-насихат» бөлімінің маманы;
2023 Астана қаласы, «Әлжан ана» мешітінің бас имамы;
2024-2025 жылдары ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
Еңбектері:
Қосымша біліктілік:
2011 ж. Алматы қаласындағы төрт айлық имамдар білімін жетілдіру институты;
2015 ж. ҚМДБ жолдамасымен Мысыр еліндегі «Әл-Әзһар» университетінде үш айлық имамдар білімін жетілдіру институты;
2017 ж. ҚМДБ-ның «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің жанындағы экстремизмның алдын алу саласындағы мамандарды қайтар дайырлау институтында білімін толықтырды.
2023 ж. Иордания Хашимит Корольдігі, Амман қаласында Король Абдалла ІІ атындағы Уағызшыларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында біліктілігін арттырды
Үйленген, 5 баласы бар.