Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстанның діни интерактивті картасы (Түркістан облысы)


Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы 2009-2010 оқу жылына Шымкент қаласында орналасқан орта кәсіптік білім беру мақсатында ашылған медресеге оқуға қабылдайды.

Медресенің  оқу процесі Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының басшылығымен жүргізіледі. Медресе ұл және қыз балаларға арналған.

Бітіруші түлектерге төмендегідей мамандандырулар беріледі:
01 «Исламтанушы»
02 «Имам» 

Оқу түрі – күндізгі. Орта кәсіптік білім берудің мерзімі – 2 жыл 10 ай.

Медресе оқу ғимараттары мен оқу корпустары, кітапхана, асхана, жатақхана және материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медресе шәкірттеріне компьютер дәрісханалары мен үлкен лекциялық залдар, спорт алаңы және арнайы салынған мешіт қызмет көрсетеді.

Медреседе жоғары санаттағы дінтанушылармен бірге университет қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжірибеден өткен оқытушы-профессорлар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.

Қабылдау және емтихан шарттары:
Медресе шәкірттері әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.
Талапкерлер мынадай құжаттар тапсырулары қажет:
-    медресе директоры атына жазылған өтініш
-    жергілікті имамдардың ұсынысы
-    өмірбаян
-    орта білім туралы аттестаты (түпнұсқасы)
-    086 үлгідегі дәрігерлік анықтама
-    Көлемі 3х4сурет (6 дана)
-    әскери билеті немесе әскерге шақырылу куәлігі
-    жеке куәлігінің көшірмесі
-    құжаттарды тігіуге арналған іс-парағы (скоросшиватель)
-    талапкердің жасы 25 аспауы тиіс


Мекен-жайы:
Шымкент қаласы, Текстиль мөл/ауд. Рекордная өткелі № 4
Құжаттарды қабылдау: 20 маусымнан 1 тамызға дейін.
1-25 тамыз аралығында қабылдау емтиханына дайындық жүргізіледі.


Байланыс телефондары:
8 (7252) 53 86 74
8 (7252) 53 86 72