Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Төлебилік ақсақалдар келелі кеңес өткізді

09.08.2014 1874 0 пікір

Дін мәселесі қашанда өте өткір әрі өзектілігін жойған емес. Мұнда кішкене ғана ауытқушылыққа, кемшілікке жол беру қоғамдық тыныштықты бұзып, елдің арасына іріткі тудырып жіберетіндігін бүгінгі таңда бүткіл әлем мойындап отыр. Осыған орай Төлеби ауданында да діни тұрақтылықты сақтау, халықтың діни сауатын көтеру, олқылықтардың орнын толтыру мақсатында аудан имамы Б Қалдаров және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолымбек Кенжетай, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Сейітханов Ансар бірлесе отырып, аудандағы және Ленгір қаласымен қоса 12 округтегі орталық  мешіттерде ауыл имамдарымен ауыл билері, ауыл ақсақалдары мен халқымен кездесу өткізді. Кездесу 3 күнге жоспарланды. Кездесуде  бірқатар мәселелер көтеріп, жұмысты жандандыру, ол үшін қажетті шараларды жасау керектігі алға қойылды. Атап айтқанда;

*Жағдайы төмен имамдарға қолдау көрсету,

* Теріс пиғылды ағымдарға ел болып түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

* Демеушілерді тартып мешітке қолқабыс көрсету;

* Діни рәсімдерді шариғат талабына сай өткізу, ысырапкершілікке жол бермеу.

* Жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созу;

* Ұрыс жанжал туындаған жас отбасыларға имандылық жайлы, ажырасудың үлкен күнә екендігін және ер-мен әйелдің бірбірінің алдындағы міндеттерін кеңінен түсіндіру;

* Жастарды дұрыс бағытта білім беру сауатын ашу, т.б бірқатар мәселелер талқыға салынды.

Келелі кеңесте осы аталған бірқатар мәселелерді шешудің тиімді жолдары да талқыға салынып, тапсырмалар берілді.

ОҚО,Төлеби аудандық

«Нұр» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат