Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Отанға қызмет - баршаға міндет!

08.08.2014 1686 0 пікір

 

Жезқазған қаласының мерейлі 60-жылдық тойының қарсаңында ел дамуына елеулі үлес қосқан абзал азаматтарын еске алды. Қалалық мұражай қызметкерлерінің бастамасымен көрме залында «Елінің абзал азаматтары» атты іс-шара өткізілді.

Арнайы шақырылған қонақтар қатарында «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің наиб имамы Айтжан Қапарұлы Жезқазған қаласының қалыптасып, дамуына ерен еңбек еткен марқұмдарға Құран аяттарын оқып, көпшілікпен дұға тіледі. Іс-шара барысында егеменді елімізге аянбай еңбек еткен Нұрмағанбетов Әбдукахим Балмағанбетұлы, Кушкеев Әбдіраман Құдайбергенұлы сынды ел ағаларының  жастарға үлгі болар еңбектері жайлы баяндамалар оқылды. Сонымен қатар салт-дәстүрімізге сай мұражай қызметкерлерінің арнайы әзірлеген тарихи  жәдігерлер көрмесі көрсетілді.

 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы

бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат