Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Бас мүфти атына ізгі тілек хаттар келіп түсуде

08.08.2014 2540 0 пікір

Қасиетті Рамазан айы аяқталып, мұсылман үмбетінің мерейлі мерекесі, ұлық мейрамы Ораза айтты атап өтіп, шарапаты мол шәууал айына да жеттік. Күллі мұсылман қауымы Рамазан айын игі істермен, Ұлы Жаратушыға ұнамды жақсы амалдармен өткізді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да Рамазан айында қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атына әлемнің дін қайраткерлері мен лауазымды тұлғаларынан құттықтау хаттар келді.

«Мейірімділік сезімдерімізді оятып, мұқтаждарға қанат жайғызған Рамазан айының жемісі мен берекетіне біздерді қауыштырған Ұлы Аллаға шексіз шүкіршілік етеміз. Жаратушыдан адамдардың осы мерекелік қуаныштары, шабыты мен тыныштықтары жыл бойы жалғасуын, барша адам баласының татулық пен тыныштықта, жәрдемдесу мен сүйіспеншілікте, сыйластық және төзімдікте өмір сүруін тілейміз. Сізге және сіз арқылы еліңіздегі барша мұсылман бауырларымызға шын жүректен сәлем жолдай отырып, құрмет сезімдерім мен ізгі тілектерімді білдіремін», – делінген Түркия Діни істер басқарма төрағасы, профессор Мехмет Гөрмездің құттықтау хатында.

ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілхановтың жолдаған хатында: «Біздің қоғамда Ораза айт мерекесін тойлау мейірімділік, рақымдылық пен бірлік сияқты рухани дәстүрлердің нығаюына қызмет етеді және бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді орнықтыруға мүмкіндік туғызды», – деп көрсетілген.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, ТМД Дінаралық кеңесінің тең төрағасы Шейх-ул-ислам Аллахшукюр Паша-заде: «Алла Тағала әрдайым бірлігімізді бекем етсін», - деп тілек білдіріпті.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат