Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Маңғыстау: Өкіл имам жастармен кездесті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 12.09.2019 185 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Маңғыстау облыстық кітапхана басшылығы тарапынан ұйымдастырылған «Дін және жастар» тақырыбындағы кездесуге қатысты. «Дін және жастар терроризмге қарсы» айдарымен өткен кездесуге колледж студенттері қатысты. Қазіргі қоғамның дертіне айналған экстремизм мен терроризм кім-кімді де алаңдатары анық. Өкіл имам жастарға діни құндылықты бет перде етіп, саяси мақсатқа жету үшін түрлі қадамға баратын ағымдардың әрекетін жан-жақты етіп түсіндірді. Қала берсе әлеуметтік желідегі діни идеологиялық теке-тірестерге де тоқталып өтті. Біз мұсылман қазақ баласы болғандықтан өз дінімізді жат діни идеологиямен шатастырымауымыз керек. Ол үшін қырығы болып, сауатты болуымыз қажет деп сөзін түйіндеді.

Жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алып жатты. Облыстық кітапхана меңгерушісі өкіл имам Смайыл Сейтбековке Дүйсенбі Әріп атты ғалымның кітабын сыйға тарту етіп, шараға қатысқаны  үшін алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат