Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Зекет» қайырымдылық қоры «Алтын алқалы» отбасыға көмек көрсетті

«Зекет» қорының баспасөз қызметі 12.09.2019 198 0 пікір

«Зекет» қоры 8 баласымен апатты жағдайдағы үйде тұрып жатқан отбасының үйіне барып, хал-жағдайларын көріп, қайырымдылық көмек көрсетті. Айта кетсек, Ерболат атты бауырымыз елорда маңындағы Жаңажол деген ауылдың тұрғыны (Нұр-Сұлтан қаласынан 40 км). Әйелі, 8 ұл-қыздары және 16 жыл бойы төсек тартып жатқан қарт анасымен бірге апатты жағдайдағы үй деп танылған, қабырғасы құлауға шақ қалған баспанада тұрады. Отағасы күзетте қызмет етсе, «Алтын алқалы» жұбайы көрші ауылдағы құс фабрикасында демалыссыз жұмыс істейді екен. Мектептің жоғары сыныптарында оқитын балалар оқудан келген соң бауырларына қарайласады.

«Зекет» қорының директоры және бірнеше қызметкерлері қиын жағдайдағы бұл отбасыға азық-түлік апарып, балаларына аяқ-киім және сыртқы киім сыйға тартып, қаржылай да қолдау көрсетті.

Бірақ басты мәселе – ол көл жағасында тұрған үй жайы. Көктем мен жаз айларында су көтеріліп, үй іргесін шайып кетіп жатса, қыс мезгілінде аяқтан сыз өтетін үйді жылыту оңайға соқпайды.

Егер де сіз бұл отбасыға қандайда бір көмек қолын созамын десеңіз, «Зекет» қорының мамандарымен хабарлассаңыздар болады.

Байланыс телефоны: 8-775-417-19-12, 8-708-723-74-09

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат