Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Түркістан облысы: АРЫСТАҒЫ МЕШІТКЕ ЖАЙНАМАЗ ТАРТУ ЕТІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 12.09.2019 223 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс бағыттарының бірі һәм бірегейі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру.

Жуырда, осы мақсатта Шымкент қаласы бойынша өкілдігі тарапынан әріптестік һәм бауырмалдықты насихаттау мақсатында Түркістан облысы Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітіне 400 шаршы метр жайнамаз кілем тарту етілді.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ұйытқы болып, қала мешіттерінің барлық имамдары өз үлестерін қосты.

Өз кезегінде аудан имамы Әбдікамал қажы Әбдікерім және мешіт жамағаты риясыз ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат