Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: Наиб имам сақшылармен кездесті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 12.09.2019 143 0 пікір

Жергілікті ақпараттық насихаттық топтың (ЖАНТ) кездесулері аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Қанат Дауылбаев Шығыс Қазақстан облыстық полиция басқармасына қарасты күзет қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлық тақырыбында насихат айтты.

Құқық қорғаушылар алдында сөз сөйлеген наиб имам сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың маңызын айта келе, исламнан жемқорлықтың зияны жайлы мысалдар келтірді.

«Асыл дініміз Исламда жемқорлықты барынша айыптаған. Өкілдіктің жанынан құрылған жергілікті ақпараттық насихаттық топ қазіргі таңда қоғамның барлық саласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат, уағыз айтып, бұл бағыттағы шараларға ат салысуда» деп атап өтті.

Сонымен қатар наиб имам өкілдік тарапынан осы салада құқық қорғау орындарымен бірқатар бірлескен шаралар ұйымдастырып отырғандығын жеткізді.

Сақшылар қауымы наиб имамның насихатын ықыласпен тыңдап, мекеме басшылығы өкілдікке «Алғыс хат» табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат