Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ПАВЛОДАР МЕШІТТЕРІ АШУРА КҮНІ АУЫЗАШАР БЕРДІ

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі  11.09.2019 175 0 пікір

Павлодар қалалық «Әбу-Бәкір Сыддық» мешітінде Ашура күніне орай ауызашар ұйымдастырылды.

Қасиетті күнде Алла разылығы үшін ораза тұтқан қалалық мешіттердің жамағаттары «Әбу-Бәкір Сыддық» мешітіне жиналып, ауыз ашты. Сондай-ақ ауызашарға Қазақтан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қатысты.

Жолдас қажы Қоспақұлы жиналған көпшілікке Ашура күні туралы уағыз айтты. Қасиетті күннің ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып, бұл күні жасалатын амалдарды түсіндіріп өтті.

«Қасиетті Ашура күніне орай «Әбу-Бәкір Сыддық» мешіті ауызашар ұйымдастырды. Мұндай жиындар жамағаттың бірлігін бекемдей түседі. Сондықтан, мешіт жамағаттары арасында ауызашар ұйымдастыру үрдісі алдағы уақытта жалғасын табатын болады», – деді Жолдас қажы Қоспақұлы.

Бұл ретте, Ашура күні басқа да қала, аудан мешіттері ауызашар ұйымдастырғанын атап өткен жөн. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат