Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«ЕЛ ҮЛЕСІ– ПӘТЕРГЕ» ЖОБАСЫМЕН 124-БАСПАНА БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша "Зекет" қорының өкілдігі 08.09.2019 389 0 пікір

Қасиетті Мұхаррам айының алғашқы жұмасында ҚМДБ "Зекет" қорының Талдықорған өңіріне қарасты Панфилов ауданы Сарытөбе ауылында "Ел үлесі пәтерге" жобасы аясында 3 балалы, өзі ІІ-топтағы мүгедек Нұржан Тоқтабаев пен Жанар Сейдахметованың отбасына өңір бойынша 40-үйдің кілті табыс етілді.

Игі шараға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет" қорының өкілі Серік Құсайынұлы, Панфилов аудандық зекет өкілі Қабди Ақжүнісұлы, Панфилов аудандық орталық мешітінің наиб имамы Ұлан Сарпеков арнайы қатысты. Осы отбасындағы жақсылыққа бүкіл ауыл болып қуанып, бірінен соң бірі көрімдік, сыйлықтарын беріп, ақ дастархан жайылып, кішігірім мерекеге ұласты.

Бұл - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынған «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында беріліп жатқан 124-баспана. 

2019 жылы өңірлерде берілген баспана тізімдері:

  • Ақмола облысы – 6 үй.
  • Ақтөбе облысы – 4 үй.
  • Алматы облысы. Алматы өңірі – 2 үй.
  • Атырау облысы – 1 үй.
  • БҚО, Орал – 2 үй.
  • Жамбыл облысы – 4 үй.
  • Қарағанды облысы – 6 үй.
  • Қостанай облысы – 3 үй.
  • Қызылорда облысы – 15 үй.
  • Маңғыстау облысы – 2 үй.
  • Өскемен аймағы – 4 үй.
  • Павлодар облысы – 3 үй.
  • Семей аймағы – 3 үй.
  • Талдықорған өңірі – 40 үй.
  • Түркістан облысы – 25 үй.
  • Шымкент қаласы – 4 үй.

Атсалысқан барша азаматтарға АЛЛАНЫҢ нұры жаусын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат