Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ БЕЛГІЛІ ДИПЛОМАТ САЙРАН ҚАДЫРМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 06.09.2019 277 0 пікір

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Моңғолияда талай жылдар депутат, осы елдің Кувейт, Оман, Мысыр, т.б. мемлекеттерінде Төтенше және өкілетті Елшісі болған, белгілі дипломат, дін жанашыры Сайран Қадырмен кездесті.

Кездесуде С.Қадыр Моңғолиядағы жалпы мұсылман жамағаты мен дін қызметкерлерінің бүгінгі тіршілігі жайлы, сонымен қатар жаңадан салынып жатқан мешіттер туралы баяндап берді.

Мәртебелі мейман Бас мүфтиге Моңғолияда қызмет етіп жатқан қазақ имамдарын Елордада тәжірибелік дәрістерге қатыстыруды ұсынды. Өз кезегінде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы бұл ұсынысты қолдады.

Сайран Қадыр Алтайдағы қазақ имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамаларына тілеулестік танытып отыратынын және мүфтият қабылдаған пәтуаларды діни қызмет барысында басшылыққа алатынын жеткізді.

Басқосу соңында екіжақты тәжірибе алмасу бағытында бірнеше игі шаралардың жоспары бекітілді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат