Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«ЕЛ ҮЛЕСІ– ПӘТЕРГЕ» ЖОБАСЫМЕН 123-БАСПАНА БЕРІЛДІ (ФОТО)

Гүлсамал Төрединқызы, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы 06.09.2019 497 0 пікір

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 123-інші баспана да берілді. Бұл баспана Талдықорған өңіріне қарасты Көксу ауданы Жарлыөзек ауылының тұрғыны алты ай бұрын отағасынан айырылған үш баланың анасы Зәуреш Төлеутайқызына берілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен елде өркен жайып, жер-жердегі мешіт ұжымдары мен жамағаттың қолдауына ие болған бұл жоба аясында «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қорының мәліметі бойынша, 2019 жылы өңірлерде берілген үй тізімдері мынадай:
1) Қостанай облысы – 3 үй.
2) Өскемен аймағы – 4 үй.
3) Түркістан облысы – 25 үй.
4) Қызылорда облысы – 15 үй.
5) Маңғыстау облысы – 2 үй.
6) Ақтөбе облысы – 4 үй.
7) Семей аймағы – 3 үй.
8) Талдықорған өңірі – 39 үй.
9) Шымкент қаласы – 4 үй.
10) БҚО, Орал – 2 үй.
11) Ақмола облысы – 6 үй.
12) Жамбыл облысы – 4 үй.
14) Алматы облысы. Алматы өңірі – 2 үй.
15) Қарағанды облысы – 6 үй.
16) Павлодар облысы – 3 үй.
17) Атырау облысы – 1 үй.
Осылайша, 2019 жылы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында елімізде көпбалалы отбасыларға 123-інші баспана берілді. Соның ішінде Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданының Ембі және Қандыағаш қалаларында, Темір ауданында және Шалқар қаласында мұқтаж отбасыларға 4 баспана берілгенін ерекше атап өткіміз келеді.
Қуаныш иелерінің жаңа қоныстары құтты болғай!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат