Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ ПРОФЕССОРМЕН ПІКІРЛЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 04.09.2019 527 0 пікір

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас кеңсесінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚР дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер, экономика ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Сайлау Батыршаұлымен кездесті.

Басқосуда қазақ дипломатиясының тарихы мен шет елдермен қарым-қатынастың тәуелсіздік жылдарындағы аяқ алысы, Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетінің ашылу тарихы, жастардың рухани өмірі мен бүгінгі болмысы сөз болды.

Бас мүфти профессорға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бүгінгі тынысы мен тіршілігі, рухани саладағы игі жобалары жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, 2020 жылы мүфтияттың ашылғанына 30 жыл толуына орай жүзеге асатын ауқымды шаралар жайлы сөз болды.

Қазақ дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер ҚМДБ-ның бастамалары мен игі істеріне тілеулестік білдіріп, авторлық еңбегін Серікбай қажы Оразға сыйға тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат