Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«ТАЛАБА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІНЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

www.muftyat.kz 03.09.2019 372 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Тілепберген Жәкиевке Қауымдастық жетекшілігін куәландыратын куәлік табыстады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Талаба» қауымдастығы құрылған болатын, Бұл қауымдастық шетелдік оқу орындарында діни бағытта оқитын қазақстандық студенттермен жүйелі жұмыс жүргізетін, бірлескен игі жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Қауымдастық ҚМДБ мен шетелде діни білім алатын студенттер арасында алтын көпірге айналмақ. Оларға әлеуметтік көмек көрсету, түрлі діни ағымдардың уағызына алданып қалмауын қадағалау, әртүрлі бағытта игі шараларды ұйымдастыру, т.б. – «Талаба» қауымдастығының негізгі мақсаты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат