Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Нұр-Сұлтан өкілдігі 1160 оқушыны мектепке дайындады (ФОТО+ВИДЕО)

www.muslim.kz 31.08.2019 249 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі барлық мешіттерде жаппай өткізілген «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі де орасан үлес қосты. Бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы негізінде қайырымдылық акциясы қаладағы 11 мешітте өткізіліп, әр құлшылық ордасы шама-шарқынша мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлауға тырысты.

Арнайы бекітілген кесте бойынша 23-28 тамыз аралығында кезекпен өткен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Елордамыздағы 1160 оқушыны қамтыды. Білім жолындағы бүлдіршіндерге мектеп сөмкелері мен қажетті құрал-жабдықтар тарту етіліп, қаржылай көмек те үлестірілді.

«Әзірет Сұлтан» – 250 оқушы
«Нұр Астана» – 200 оқушы
«Ғылмани» – 120 оқушы
«Раиса ана» – 120 оқушы
«Әс-Сәләм»  – 90 оқушы
«Әлжан ана» – 80 оқушы
«Төлебай» – 50 оқушы
«Шейх Кунта қажы» – 40 оқушы
«Әл-Ғани» – 40 оқушы
«Ырыскелді қажы» – 110 оқушы
«Ақмешіт» – 60 оқушы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат