Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қостанай: «Ел үлесі пәтерге» екі үй, екі қуаныш

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 30.08.2019 270 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі - пәтерге» акциясы аясында елімізде баспанаға мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп жатқаны белгілі.

Қазақстан Республикасы Ата заңы мереке қарсаңында Қостанай облысының Науырзым ауданында атаулы қуанышты оқиға жалғасын тапты.

ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмаханның қатысуымен Науырзым ауданы орталығы Қарамендіде 121 және 122 үй табыс етілді.

Бұл баспаналар алты баласы бар жалғыз басты ана Алима Асатова және үйлері тұруға жарамсыз көп балалы ерлі-зайыпты Нұрбек және Айнагүл Хамзиндерге бұйырды.

Қуаныш иелеріне аудандық «Түркебай» мешіті имамы Нұрлан қажы Сейтжанұлы екі клем, ал аудан әкімі Талғат Тойшібекұлы 100 мыңның сертификатын ұсынды.

Үлкен қуанышқа кенелген қоныс иелері алғыс шынай алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат