Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БҚО: Сырым ауданында жақсы игі бастама басталды

Әлішер Ералиев, Сырым аудандық мешітінің бас имамы 22.08.2019 165 0 пікір

Сырым аудандық мешітімен «Сырым деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы»  бірігіп ұйымдастырған ауданға қарасты ауыл имамдарының біліктілігін арттыру семинары өткізілді. Ауданымыздан шалғайда жатқан ауылдарымызда дін қызметінде жүрген қазыналы қарттарымыз келді.

Осы семинарды жүргізу үшін  Орал облыстық мешітінің наиб имамы Ерденбек Ихсановта шақыртылды. Алғашқы сөздің тізгінін ұстаған Сырым аудандық мешітінің бас имамы Алишер Ералиев: « Ең алдымен кеше ғана өтіп кеткен мұсылмандарының төл мерекесі Құрбан айт мейрамымен құттықтай отыра алыстан ат терлетіп келіп отырған қарттармызға және де арнайы келген мейманымызға өз атынан алғасымды білдіремін. Халық ауыз-әдебиетінде «Торғай сойсаңда қасапшы сойсын» деген мақал бар соның аясында әр саланың өз маманы болатыны анық соның ішінде діни жоралғыларды дін мамандары жүргізу керек. Демек бұл салада сауаттылықты қажет етіп отыр. Сол себепті де сіздердің біліктіліктеріңізді, білімдеріңізді артыру мақсатында бас қосып отырған жайымыз бар»- деп семинардың мақсатын айқындап ашып беріп сөз кезегін келген қонағымыз Ерденбек Жанұзақұлына ұсынды.

Ерденбек Жанұзақұлы сөз басын қарттарымызға өз атынан алғысын білдіріп оларға жаназаның рәсімдерін, ат қою, неке қию, садақа әдептерін реттілікпен майдан қыл суырғандай егжей- тегжейлі түсіндіріп дәрісін берді. Қарттарымыз көкейдегі сұрақтарына да мардымды жауап ала алды. Семинар соңы қарияларымызға жаназа рәсімдері туралы кітаптар таратылып,барлық қатысушыларға білімдерін жетілгендіргені үшін Ерденбек Жанұзақұлы қолынан сертификат табысталды. Алдағы уақытта да осындай семинарлар ұйымдастырылса деген әр түрлі ұсыныстар түсті. Шара аяқталған соң қарттарымызбен қоса келген қонағымызға мешітімізде арнайы жайылған мерекелік дастарханмен жалғасты. Біліктілікті арттырып, білімді шыңдаудағы игі істер міндетті түрде жалғасын табады. Үлкенге үлгі болып, кішіге тәлім берер қазыналы қарттарымыз аман болсын.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат