Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматы өңірінде «Мектепке жол-2019» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті

Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі 22.08.2019 254 0 пікір

Жыл сайын оқу жылының қарсаңында ҚМДБ-сының Алматы өңірі бойынша қала-ауыл мешіттері тарапынан атқарылатын «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Биылғы оқу жылында да аталмыш сауапты амал  жалғасын тапты. Бұл ізгі шара балаларды білімге жұмылдырып, оқуға деген қызығушылығын арттыратын бірден-бір дұрыс қадам болып есептеледі.

Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінде «Мектепке жол-2019» қайырымдылық іс-шарасы өтті. ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы жиналған оқушыларды келе жатқан жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда озат әрі білімді болып, ата-ана мен ұстаздарды құрметтеп, еліміздің өркендеуі үшін жақсы білім алып, болашақта адал қызмет жасауға шақырды. Қайырымдылық іс-шара аясында мектеп жасындағы 150 оқушыға және Алматы өңірі бойынша 1000 астам оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен кеңсе қажеттері таратылды. Жиын соңында балалар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат