Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматы Орталық мешітінде білікті ұстаздардың дәрістері өз жалғасын таппақ!

www.azan.kz 22.08.2019 230 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі міндеттерінің бірі – мешіт жамағаты мен халыққа діни білім беріп, имани, шариғи сауатын ашып, Алла әмір еткен, Пайғамбар (с.а.у) салған сара жолға нұсқау болып табылады. Әрі бұл бірден-бір бақытқа жеткізетін жол деуге болады. Сондықтан, Алматы тұрғындары мен қонақтары, сіздерді елімізге танымал уағызшы-исламтанушы ғалымдарымыздың аптаның алты күнінде түрлі тақырыпта өтетін діни дәрістеріне шақырамыз. Дәріс күнделікті (дүйсенбі мен сенбі күндері) ақшам мен құптан намаздары аралығында Алматы қалалық Орталық мешітінде өтеді.

Уағыз кестесі төмендегідей:

Дүйсенбі: ұстаз Ерсін Әміре, «Тахауи ақидасы»
Сейсенбі: ұстаз Ерсін Әміре, «Ихья улум ад-Дин (Дін ілімдерін жандандыру)»
Сәрсенбі: ұстаз Еркінбек Шоқай, «Құран Тәпсірі»
Бейсенбі: ұстаз Бауыржан Әлиұлы, «Сира (Пайғамбардың (с.а.у) өмір жолы)»
Жұма: ұстаз Серік Ахметов, «Ханафи фиқһы»
Сенбі: ұстаз Ермек Көкірекбаев, «Рияду ас-Солихин»

Құрметті, ілім қуған мұсылман бауырлар, Пайғамбарымыз(с.а.у): «Ілім алу – әрбір ер мұсылман мен әйел мұсылманға парыз» дегендей, сіз де ілім нығметінен өз үлесіңізді алып, сол арқылы Әлемдердің Раббысын тануға, құлшылықтарыңызды бекемдеуге асығыңыздар!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат