Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Зекет» қоры 120-шы баспана кілтін табыстады

www.muftyat.kz 21.08.2019 491 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында Жамбыл облысы, Қордай ауылының тұрғыны – қолында І топ мүгедек баласы бар, жалғызбасты ана баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Облыс бойынша аталмыш шараның іске асуына себепші болған Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінің наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы және елордадан арнайы келген «Зекет» қорының бас маманы Нұркен Ділмұхан қатысып, жиналған қауымға қайырымдылық, мейірімділік жайлы тұшымды уағызын айтып, баспана кілтін табыстады. Сондай-ақ, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Жамангозов Бейқұт Тлебалдыұлы да іс-шараға қатысып, баспаналы болған отбасыны құттықтап, үлкен қуанышқа ортақтасты.

Еске сала кетейік, «Ел үлесі пәтерге» – әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға қаражат жинап, баспана сыйлауды көздейтін жоба. Осылайша, «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың басшылығымен 2018 жылдан бері «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында жалпы республика бойынша қордың өңірлердегі өкілдіктері мен мешіт жамағатының қайырымдылығының арқасында мұқтаж отбасылардың қолы жеткен 120-шы баспана болып отыр. 

Жақсылықтың жаршысы болған жобаға үлес қосып жүрген барша қайырымды жандарға алғысымызды білдіреміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат