Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақтөбе: Өңірлік талапкерлерге – сәт сапар!

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 20.08.2019 235 0 пікір

Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде өкіл имам Төлеби қажы Оспан мен облыстық Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев бүгінгі медресе түлектері – ертеңгі студент жастармен кездесті. Мазмұнды басқосу барысында дін саласының өкілдері биыл Ақтөбе медресе мектебін бітіріп, Қазақстанның жоғарғы діни оқу орындарының студенті атанған жастарды құттықтап, ағалық ақыл-кеңестерін айтты.

Айта кетейік, 3 тамызда еліміздегі алдыңғы қатарлы теологиялық оқу орнында тегін білім алғысы келетін жас талапкерлердің құжаттарын қабылдау басталған болатын. 14 тамызда облыс әкімі өңірдегі сұранысқа ие мамандықтарға арнайы бөлген 100 гранттың иегерлерін анықтау бойынша комиссия отырысы болды. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары, комиссия мүшелері мен басқарма басшылары қатысты.

100 гранттың 8-і Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Ақтөбе облысынан діни мамандарды дайындау мақсатында, соның ішінде «исламтану» мамандығы бойынша тұңғыш рет бөлініп отыр. Жалпы, биыл аталған университетте ақтөбелік 19 талапкер грант иегері атанды. Өз кезегінде бұл – өңірімізді білімді де білікті дін саласы мамандарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Ал грант ұтып алған жас талапкерлер болашақта облысымызда имам немесе теолог маманы ретінде қызмет атқаруына болады.

Мешіт қабырғасындағы кездесу барысында өңірдегі дін басшылары көптеген өзекті мәселеге жан-жақты тоқталып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақтылы жауап қайтарды. Әрі өңірлік талапкерлерге – болашақ ақтөбелік студенттерге сәт сапар тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат