Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ШҚО: «Жастар керуені» тобы«Халифа Алтай» мешітінде (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 19.08.2019 207 0 пікір

Республикамыздың әр облысының жастарынан құралған «Жастар керуені» республикалық тобы Шығыс өңірге жасаған сапары аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітімен танысты.

Жастар қауымы жақында ғана ШҚО әкімі Д.Ахметовтың қолдауымен ашылған елімізегі бірегей «Ислам мәдениеті» мұражайын аралап көрді. Жастар тобын қарсы алып, мешітте аралатқан «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин: «Бұл мұражай Ислам тарихымен қатар сонау сақ, ғұн дәуірінен бастап ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат береді. Бұл елімізде алғаш ашылған «Ислам мәдениеті» мұражайы» деп атап өтіп, ондағы жәдігерлерге тоқталды.

Мұражайды аралаған жастар айырықша әсерге бөленіп, жәдігерлерді тамашалап, Құранның және көне жазбалардың замануи электронды нұсқасын көріп ерекше таңданыстарын жасыра алмады.

«Жастар керуенінің» мүшелері бұл мұражайдың мешітте ашылуы діни- ордалардың мәдени-ғылыми орталыққа айналып, жастардың рухани тағылым алуына мол әсерін тигізетіндігін жеткізді.

Жастар қауымы «Халифа Алтай» мешітінің шынайы рухани орталыққа айналдырған өкілдікке ықылас білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат