Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫН МӘДИНА ҚАЛАСЫНДА ЖАЛҒАСТЫРУДА

www.muftyat.kz 19.08.2019 548 0 пікір

Бүгін Мәдина қаласына жеткен Қазақстан қажылық миссия өкілдері күн тәртібі бойынша іске кірісіп кетті. Ең алдымен қажылар орналасқан қонақүйлердің сапасы тексерілді.Бұған дейін мұндай жұмыстар Мекке қаласында да атқарылған болатын. Көп ұзамай миссия ұжымы Мәдинадан ұшатын қажыларды шығарып салу үшін арнайы әуежайға келді. Миссия мүшелері отандастарымызбен дидарласып, биылғы қажылық маусымы туралы ой бөлісе келе сәт сапар тіледі. Осылайша бүгін мыңға жуық қажы елге аттанды. Бір сәтте Мәдина-Алматы және Мәдина-Шымкент бағытындағы екі рейс ұшып кетті. Ал таңертең Мәдина қаласынан Нұр-Сұлтанға кезекті әуе рейсі бағыт алды. Қазіргі уақытта әуе рейстерінің толық ұшып-қонуын миссия жұмыс тобы бақылауда. Арнайы қойылған кезекшілік бойынша ел азаматтарын шығарып салу жұмысы қажылық соңына дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат