Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Елшілер мен шетелдік дін қайраткерлері Бас мүфтиге құттықтау хат жолдады

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 14.08.2019 222 0 пікір

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай шетелдік дін қайраткерлері мен елшілер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Оразға құттықтау хат жолдады.

Атап айтқанда, Ресей мұсылмандары діни басқармасы мен мүфтилер кеңесінің төрағасы, мүфти, шейх Равиль Гайнутдин, Қапқаз мұсылмандары басқармасының төрағасы, ТМД елдері Дінаралық кеңесінің тең төрағасы Шейх-уль-ислам Аллахшукюр Паша-заде, Ресей мұсылмандары діни жиналысының мүфтиі Альбир Крганов, Беларусь Республикасы Мұсылман діни бірлестігінің төрағасы, мүфти Әбу-Бәкір Шабанович, Ресейдің Сан-Петербор және Солтүстік-Батыс аймағы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Р.Д.Панчеев, Тәжікстан Ғұламалар кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзода, Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев, Орыс православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александр, т.б. танымал тұлғалар Бас мүфти Серікбай қажы Оразды қасиетті Құрбан айтпен құттықтады.

Құттықтау жеделхатта Бас мүфтиге жылы лебіздер мен ізгі тілектер жолданған. Сонымен қатар, адамзат баласын ізгілік пен бірлікке үндейтін ұлық мейрам – Құрбан айттың мәні мен маңызы атап көрсетілген.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат