Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылорда: Құрбан айтта 3 отбасы баспаналы болды

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 14.08.2019 336 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен бастау алған «Ел үлесі пәтерге жобасы» аясында Қызылордалық үш отбасыға пәтер кілті табысталды.

Құрбан айтта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне айт намазын оқуға жиылған жамағат алдында республика бойынша 109-шы пәтер кілтін жанұясына табыс етті.

Дәл осы сәтте, Қармақшы аудандық мешітінде де барша жамағат 110, 111 пәтерлерге ие болған екі бірдей отбасының еселенген қуанышына куә болды.

Сонымен қатар, мұсылмандардың ұлық мерекесінде Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында кезекті пәтердің қазығы қағылып, құрылысы басталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат